«Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп» КММ
Мектеп тарихы
«Әр халықтың өркендеп дамуы үшін алдымен азаттық пен білім керек», – деген екен Ш.Уәлиханов. Біздің Амангелді атындағы орта мектебі алғаш рет 1947-1948 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғып, жеті жылдық мектеп болып ашылды. 1964 жылы №7 мектеп болса, ал 1969 жылы орта мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке Амангелді Имановтың есімі берілді. Осы жылдарда және қазіргі уақытта мектепте басшылық жасаған,жасап жатырған мектеп басшылары:
Мектеп 1948-49 оқу жылында бастауыш түрінде ашылды. 1954 жылы №7 – ші жеті жылдық білім беретін мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке халық батыры, ұлт – азаттық көтерілісінің жетекшісі болған Амангелді Имановтың есімі берілді. Ал, Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №1313-ші қаулысына сәйкес мектеп, «Қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. Мектепте жетпіске тарта педагог қызметкерлер білім мен тәрбие беру жолында жұмыс жасап келеді. Мектеп, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен, ақпараттық технологиялар орталығымен, облыстық және қалалық білім бөлімінің әдістемелік орталықтарымен тығыз байланысты жұмыс жасайды.