Тақырыбы:
Мақсаттары: Балабақшада өткізген күндеріне шолу жүргізу. Балаларға және көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.Логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Бір-бірін, залдағы көрермендерді сыйлауға, өзара ынтымақтастыққа, өнер мен білімді сүюге тәрбиелеу.
Ұшақтың қонған дыбысы.
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге арналған білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігін бастау үшін Дамбы ауылының «Амангелді» мектебінің Шағын топ жұлдыздары «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, тыныштық сақтап, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!
(Ұшақтан 3 бала түседі)
Жүргізуші : Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің қоштасу мерекемізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші Добрый день, уважаемые родители, дорогие дети! Гости нашего праздника!
Жүргізуші
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем менің көкке тиіп,
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп
Тұрамын «тәрбиешім» деп, басымды иіп!
Осы жерде 3 бала екі тәрбиешісін жетектеп ортаға шығарады.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, табалдырығымызды аттаған бүлдіршіндеріміздің бүгін бізбен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар.Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін!Сіздерді жақсы қылықтарымен, үлкен нәтижелерімен үнемі қуанта берсін! Әрдайым жүздерінен күлкі кетпесін!
Тәрбиеші:
Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Бұл – алаңсыз балғын шақты балалар!
Толқимыз!Толқып тұрсыз,баршаңыз да!
Мұндай күй болған, сірә,қаншаңызда
Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
Тобымыздың сүйкімді жұлдыздарын.!
Тәрбиешілер сөйлеп біткенде балалар музыка әуенімен залға кіреді. Мен әр баланың толық аты-жөнін айтып тұрамын.
- Білімді сұлу, жүлдегер болған сайыста, Қайрат Айлин жаралған ғой тек жарысқа
- Мінезі бар қыңырлау,бірақ алдасаң көнеді, Тиеді ылғи Жантөренің көмегі.
- Зерек,бірақ ашуланса қайтпайды,Сезімді жаман деп ешкім айтпайды
- Тау қозғалса қозғалмайтын байсалды, Көрдіңізбе Әділдей жайсан баланы
- Инабатты бишіміз бар майысқан, Раянаны танимыз біз алыстан.
- Сүп-сүйкімді боп костюм-шалабар киеді, Сархан біздің өзімен-өзі жүреді.
- Бірбеткейлеу, бірақ сұлулықты сүйеді, Әдемі қыз Әдеміайды бәрі жақсы көреді.
- Жұмсай қалсаң жүгіретін қуанып, Сабыр деген тау көтерер бір алып.
- Тақылдап тұрып,тақпақ айтатын жаңылмай, Сұлу да сарбаз Көркем деген ару бар.
- Кішкентай болсада келмейді кейде шамамыз, Сүйкімді,пысық Аминатқа қараңыз.
- Жыбырлақтық тентектігі бар бойында, Сүйкімді Ибрагим тоймайды еш ойынға.
- Әнші әрі бишіміз, қол соғайық бәріміз, Айлин деген сұлу қызды таныңыз.
- Шырқап айтар әсем әнмен жырыңды, Рамина бар талантты әрі білімді.
- Сап-салмақты тап-таза боп жүреді, Қуанғанда Ержігіт тек жымиып күледі.
- Тобымыздың ең кішкентай бөпесі, Анелья бар мамасының еркесі.
Бүгінгі күн - әр үйдің
Тойбасы деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік басында,
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.
Шашу рәсімін жүргізетін----------------------------------
Ендеше соңғы қоштасу тойымызды вальспен бастайық.
Вальс: Әділ,Сабыр,Ержігіт, Ибрагим Сархан, ,Жантөре
Адеміай,Раяна,Көркем,Аминат,Анелья,Рамина
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы сендерге Жалқаубек қонаққа келіпті.
Мен мектепке барғым келмейді.Мен оқығым келмейді.Мектепте білім алу қиын.Ал ата-анам болса мектепке бар деп қоймайды.
Тәрбиеші: Балалар олай емесқой иә. Мектепте бәрін үйретеді. Ойнайсың,билейсің,сабақ оқисың.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Солай ма?Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Ендеше Жалқаубекке сендердің қандай білімді екендеріңді ,мектептен не үйренгендеріңді көрсетейік.
Сұрақ-жауап
Т:Көрдіңіз бе? Біздің балалар қандай ақылды,білімді!
Жалқаубек: Мен де сендер сияқты мектепке барғым келіп кетті.
Т : Онда төрлетіңіз, бүгінгі мерекемізде бізбен бірге болыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Қыздар биі
Көркем
Әдеміай
Айлин
Айлин Қ
Анелья
Райана
Сезім
Хафса
Рамина
Жалқаубек: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсін.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мерекеге орай менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті жапырағы бар сиқырлы гүл. Әр бір күлтесін үзіп тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады. Қандай ерекше гүл, солай ма, балалар? Сиқырлы гүлдің күлтелерін үзіп көрейікші, тілектер орындала ма екен?
Кәне, балалар,
1- күлтесін
1-тілек айту
«Тәрбиеші туралы өлең естігім келіп отыр.Хор
2- күлтедегі
1-тілек айту
Шатасқан сандар ойынын көргім келеді
(Сархан,Сабыр,Адемай,Рамина,Райана дайындалады)
3- күлтені
1-тілек
Қызыл телпек ертегісі.Сахналық қойылым
4-күлтеше
1-тілек
1 жыл бойы бірге өткізген уақыт видео көру
(Сархан,Сабыр,Адемай,Рамина,Райана киім ауыстырады)
5-күлте.
1-тілек
Тақпақ тыңдау
Адеміай, ,Сархан ,Сезім,Райана ,Анелья ,Қ.Айлин,Айлин,Жантөре,Рамина
6– күлте. (Ержігіт,сабыр,сархан,Айлин,К.Айлин,Сезім биге дайындалады)
1-тілек
«Иә, иә, жоқ,жоқ!» атты дидактикалық ойынын ойнату
Ойын шарты: Ортаға балаларының жанына ата-аналарды шақырамын. Балаларға және ата-аналарға сұрақтар қойылады. Олар сұрақтарға тек қана «Иә,иә» немесе «Жоқ,жоқ» деген сөздермен жауап беруге тиіс. Ендеше мұқият болыңыздар
№1. Балаларға арналған сұрақтар:
1.Мектепке біз барамыз ба?
2.Кілең бестік аламыз ба?
3.Айтқан тілді аламыз ба?
4.Ақылды бала боламыз ба?
5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?
6.Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
- Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
- Екі алсақ жылаймыз ба?
- Үлгілі оқушы біз боламыз ба?
№2. Ата-аналарға арналған сұрақтар:
1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
- Кітап оқып,есепке сіз зерексіз бе?
3.Балаңыздың тамағын уақытылы бересіз бе?
- Қиындыққа әрқашан төзесіз бе?
5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?
- «Оқыту - мұғалімнің жұмысы» деген сөзді айтасыз ба?
7-күлтені
1-тілек
Бір би тамашалайық
«Жалқаубек»
Хор: «Тәрбиеші» әні
Т: Құрметті мереке қонақтары!
Ұмытылмай шағын топ
Көңілде мәңгі сақталсын!
Үміт, сенім ақталсын!
Жаңа өмір басталсын! – деп, бүгінгі ертеңгілігімзді аяқтаймыз.Бүлдіршіндерімізге сәт сапар.Ақ жол
Жантөре:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізде есен сау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
Көркем
Ақтілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын әнімізді біз бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамыздыесімізгесақтайық.
Адеміай
Тобымызды ұмытпай,
Келіп-кетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар,
Қалады ғой қуанып.
Сархан
Бес жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Рамина
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Сезім
Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Райана
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Қашықта емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Анелья
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды.
Көптің қамын ойлауды,
Бойымызға сіңірген.
Тәрбиеші тәтеміз...
Қ.Айлин
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып, өсекте,
Бақшамызды қимаймыз
Айлин
Қандай ғажап күн бүгін
Күміс күлкі жан - жағын
Күлімдеген бар бала
Ән айтады шаттана
Хафса
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Мына ойыншықты сыйлаймыз.