13 Қырқ 2022
Материал Амангелди

Дене тәрбиесі пән бірлестігі

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай *32 орта мектепте Дамба аймақтық мұғалімдер арасында ұйымдастырылған "Ұшқыр доп" гандбол спорттық ойынында мектебіміздің ұстаздар арасынан құрылған құрама команда жүлделі 1-орынды иеленді. Бұл аймақтық жарысқа *32,Т.Амандосов, Жамбыл орта мектебі, Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептері қатысты.

Мектебіміздің команда құрамында Орынбасаров Жантілеу, Орынбаев Алтынбек, Өтегенов Нұрхан, Галимова Наргиза, Искендирова Ұлдай, Нұржанова Сағида қатысты. Және "Үздік ойыншы" атақтарын Орынбасаров Жантілеу, Галимова Наргиза жеңіп алды. Ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!!

“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ де 2022 жылдың 18-і мен 22-сәуір аралығында “Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Дәстүр мен ғұрып” арнайы жобасы аясында 7,8,9 сынып оқушылары арасында ұлттық спорттық  ойындар апталығы болып өтті.

Апталық барысында асық ату,арқан тартыс,ләңгі тебу,жаяу тартыс ойындары өткізілді.