11 Ақп 2022
Материал Амангелди

Мектеп алды даярлық және Шағын топ

2021 жылдың 12 қарашасы күні мектепалды даярлық тобында онкүндіктің жоспарына сәйкес санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ш.ҒМусалимова , Г.З.Измуханова , Г.Қ Жұмаеваның ұйымдастыруымен "Жіп бойындағы суреттер" байқауы,"Бақытыңды балаңнан ізде"тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына,ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату.Ата-аналардың мектеппен,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру.


Мектепалды даярлық және Шағын орталық бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес математика негіздері сабағынан “Дөңгелек,шаршы,тіктөртбұрыш,үш бұрыш”тақырыбында МАД “А” тобына ашық сабақ өтті.

Мақсаты: Балалардың математикалық білімдерін арттыру,0-10 ға дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату.Ойлау қабілетін,өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.

Пән мұғалімі:Жумаева.Г.К.


16-Қараша күні Шағын орталық “В” тобында математика негіздерінен”Сиқырлы пішіндер”

тақырыбында ашық сабақ болды.

Мақсаты:Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып,қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту,логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту.

Пән мұғалімі:Әбуова.А.С


17-Қараша күні көркем әдебиет сабағынан шағын орталық “Б” тобында “Менің отбасым”-тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты:Отбасы туралы түсінік беру,әр балаға өз отбасын қадірлеуге,сыйлауға үйрету.

Пән мұғалімі.Әбуова.А.Р


18-Қараша күні Мад”В” тобында сауат ашу негіздері сабағынан “Сиқырлы әріптер”М”дыбысы тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты:Балаларға “М”-дыбысын сөз ішінен бөліп айту білу,дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.Баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

Пән мұғалімі:Измуханова.Г.Г