05 Қаз 2020
Материал Амангелди

Педагогикалық кеңес

"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп" КММ-де  2022 жылдың 6 сәуірі күні "ҰБТ-2022:Жаңашылдық пен өзгерістер"  тақырыбында 11-сыныптың ата-аналары және оқушыларымен бірлескен жиналыс өткізілді. Жиналысқа сонымен қатар мектеп әкімшілігі, 11-сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдері қатысты.Жиналыста ата-аналарға Ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы ерекшеліктері түсіндірілді. Ата-аналар Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға

Мектеп директоры М.С. Тулегенова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Б.Ескалиева жауап берді.

2022 жылдың 21-мамыры күні “Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп” КММ-де кезектен тыс педагогикалық  кеңес өткізіліп, онда 2022 жылдың 5-маусымы күні “Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 5 мамырдағы *888 жарлығы мен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізілетіндігі туралы айтылды. Хабарлама бірауыздан мақұлданып, ұжым мүшелер жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға ұйымшылдықпен қатысуға шешім алды.