13 Қырқ 2022
Материал Амангелди

Психологтар

Баланың тұлғалық дамуында неше түрлі жағымсыз көріністердің, агрессияның орын алуының алдын алу - психологиялық қызметтің алдыңғы міндеттерінің бірі болып табылады.

“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ - де мектебіміздің психологтары А.Қапанова М.Қайраханова оқушылар арасындағы агрессивті жағдайдың орын алуының алдын-алу мақсатында жұмыстар жүргізді.

Агрессия өзінің табиғатына байланысты басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіні, әсіресе баланың агрессивті мінез көрсетуіне мазасыздану, астеникалық жағдай, стресс негіз болатынын түсіндіре отырып, оқушыларға әр түрлі жаттығулармен сауалнамалар берілді.

Басса Даркийдің агрессияны зерттеуге арналған әдістемесі бойынша агрессияның көрініс беру формасын диагностикалау, “Кактус” проективті әдістемесі арқылы сурет салдыру және агрессияны қалай жеңуге болады? деген сауалдар қойып, жаттығулар жүргізілді.

Оқушылар шынайы жауап беріп, жаттығуларды қызығушылықпен орындады.

“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп” КММ педагог-психологтары: А.Қапанова М.Қайраханова “Өмірдің қиын жағдайларына тап болған жасөспірімдер мен олардың отбасыларына дағдарыстық көмек көрсету және алдын алу” тақырыбында мектеп ұстаздарымен,ата-аналарына тренинг өткізді.

Мақсаты: Мектеп ұстаздары мен ата-аналардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту, ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.