05 Қаз 2020
Материал Амангелди

Тәрбие жұмысы орталығы

"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де Халықаралық қыздар күніне орай мектебіміздің 8-9 шы сыныптың қыз балаларымен "Қыз болашағы-ел болашағы!" тақырыбында кездесу кеші болды. Кездесу кешіне мектебіміздің ұстазы "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері, мектебіміздің Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Әбу Жанат Сәрсенқызы шақырылды.

Шараның мақсаты: Қоғамда қыз баланың ерекше орнын атап өту, қыздар арасында кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай - ақ олардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту. Кездесу кешін Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Урынбасарова "Қыз тәрбиесі - ұлт болашағы" тақырыбында бейнебаянмен ашып, оқушылармен ой бөлісті. Жанат Сәрсенқызы қызбаларға әдеп,адамгершілік,инабаттылық қасиеттер туралы айтып ,сұрақтарына жауап берді. Шара соңында  мектеп психологы М.Кайраханова сауалнама жүргізді. "Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз! "деп  бекер айтылмаса керек. Ғұмырлы сөз ,ғұмыр бойы есте сақталуы тиіс.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де 2021 жылдың 7-қазаны күні "Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны!"тақырыбында жергілікті Дамбы дәрігерлік амбулаториясының жоғары санатты акушері Қуаналиева Меңжан Жалелқызы және мектептің медбикесі Жамлиха Кеңесқызымен 10-11 сыныптың қыз балаларымен кездесу өткізілді.

Мақсаты:Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашаққа ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау. Елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік ,оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де 2021 жылдың 08 қазаны күні "Жәрдем-Атырау"корпаративтік қорының директоры Жаулин Ербол Еділұлы.

"Шапағат"деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығының теологы Сариев Сұлтангелді Серікұлы.

Атырау облысы Дін істері басқармасы "Ақпараттық талдау орталығы "КММ-нің заңгері Рахимов Алиби Талғатұлы.

Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Марданов Темірбек Марданұлы мектебіміздің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға діни сауаттылық, әлеуметтік желіні дұрыс қолдану, Еліміздің ішкі саясаты, ұлттық құндылықтар туралы айтып өтті.Оқушылар толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.Сұрақтарға жауап берілді.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ үшін тағы бір қуаныш.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай "Ұлттық мектеп лигасы" қалалық іріктеу жарысында Гандболдан  "Ұшқыр доп" 5-6 сынып оқушылары арасында мектебіміздің командасы жүлделі  1-ші орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. Оқушыларымызды сайысқа дайындаған мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Орынбасаров Жантілеу және Галимова Наргиза. Ұстаздарымызды және оқушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!Облыстық сайыстан жүлделі оралуларыңызға тілектеспіз!!!


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де "Жас шекарашылар" үйірмесі ашылды. Оған мектебіміздің 8-сынып оқушылары алынды. Үйірме жетекшілері Әскери бөлімнің тәрбие бөлімінің бастығы подполковник Баетов Ринат Манапович және тәрбие бөлімінің офицері капитан Киноятов Раджан Секенұлы.

Мақсаты:Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-нің қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай ұйымдастырылған "Ұлттық Мектеп Лигасы"қалалық іріктеу жарысында Гандболдан "ҰШҚЫР ДОП" 7-8 сынып оқушылары арасында мектебіміздің командасы жүлделі 1-Орынды қанжығаға байлап, Облысқа жолдама алды. Бұл ойында Лиганың "Үздік ойыншы"атағын 8 "А сынып оқушысы Қабдрахим Ерхан иеленді. Алдағы болатын Облыстық додада қаламыздың намысын қорғағалы отырған оқушыларымызға сәттілік тілейміз!Оқушыларымыздың жетекшілері дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Орынбасаров Жантілеу және Галимова Наргиза.Ұстаздарымызды және оқушыларымызды жеңістерімен мектебіміздің атынан шын жүректен құттықтаймыз!!!


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-сі 

С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ Университеті жанындағы "Ембімұнайгаз" орталығында өткен мектеп бағдарламаларын визуализациялау арқылы мектептен тыс жерлерде экскурсиялық сабақтар өткізу мақсатында ұйымдастырылған "Жанды сабақтар жобасына"мектебіміздің 7 сыныптар арасынан 18 оқушы қатысып келді.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай ұйымдастырылған 9-11 сынып ұлдар командасы  арасында өткен "Ұлттық мектеп лигасы" қалалық іріктеу сайысында"Ұшқыр доп" Гандболдан  тағыда жүлделі 1-ші Орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. Ұстаздарымызды және оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!Әрқашанда сәттілік серіктеріңіз болсын!!!

 


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де 2021 жылдың 12-18 қазан аралығында "Электр жарақатының алдын алу " мақсатында  1-11 сыныптар арасында сыныптан тыс шаралар өткізілді.

Мақсаты:Оқушыларға электр тогы туралы,электр тогы арқылы жұмыс істейтін заттарды дұрыс қолдану туралы түсінік беру. Электр қуатын пайдалануда сақтану ережелерінің негізін қалыптастыру.

 


“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ де 2021 жылдың 22 қазаны күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті,Шекара Қызметі,Маңғыстау облысы бойынша департаменті,Жағалау күзетінің үшінші девизионы,материалдық қамтамасыз ету бөлімінің аға офицері ,капитан Мерекенов Дәулет Нұрланұлы мектебіміздің 11 сыныбында оқитын ұл балаларға кәсіптік бағдар беру бағытында дәріс беріп,ұл оқушыларды Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Академиясына оқуға түсу үшін насихат жұмысын жүргізді.

Сонымен қатар көршілес Ресей Федерациясының Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларына да оқуға түсуге мүмкіндіктер бар екендігін жеткізді.Сонымен қатар Д.Н.Мерекенов оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 


“Атырау қалалық білім бөлімі” ММ-қарасты “Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп” КММ-де  “Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы “РММ мен Атырау қаласы әкімі,азаматтық қорғаныс штабының “Атырау қаласының 2021 жылғы өткізілетін Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығу мен жаттықтыру” біріккен жоспарының 4-ші “Сейсмикалық жаттықтыру”бағыты бойынша,2021 жылдың 11 қазаны күні мектеп директорының “Мектеп базасында оқу -жаттығу мен жаттықтыруларын өткізу туралы” *177 бұйрығы шығарылды.Осы бұйрық бойынша “Оқу - жаттығу мен жаттықтыру” іс-шаралар және оқу-жаттығу кезіндегі мектеп ғимаратының 1-ші  және 2-ші қабаттарынан адамдарды эвакуациялау жоспарлары жасақталып,бекітілді.2021 жылдың 15 қазаны күні бірінші кезең бойынша оқу-жаттығу мен жаттықтыру шарасы жүргізілді.Сағат 10:00 - де дабылқаққыш беріліп “ Тыңдаңыздар”белгісі берілгеннен кейін барлық білім алушылар мен қызметкерлер бес есік арқылы сыртқа шығарылды.

 


Қалалық 1-7 сыныптар аралығындағы "Зерде" зерттеу жұмыстары және шығармашылық жобалар байқауында өзінің ерекше шығармашылығымен танылған мектебіміздің 2 сынып оқушысы Еркінұлы Дарын ІІ-ші  дәрежелі дипломмен,жетекшісі Қалиева Ақтоты Хайсайевна. Қазақ-тілі мен әдебиеті секциясы бойынша ІІ -ші дәрежелі дипломмен 7сынып оқушысы Темирбаева Сабира, жетекшісі Ибраева Жанар Ғилманқызы.Орыс-тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 7 сынып оқушысы Сәбит Далида ІІІ-ші дәрежелі дипломмен,жетекшісі Уразова Роза Идаятқызы. Химия-биология секциясы бойынша 3 сынып оқушысы Қажымұрат Жәнел" Алғыс хатпен",жетекшісі Меңдіғалиева Гүлжанат Есқайырқызы. Сонымен қатар Жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары арасында өткен "Махамбет оқулары" байқауының "Ел құтқарар ер едім..." номинациясы бойынша өзінің ерекше шығармашылығымен танылған мектебіміздің 8 сынып оқушысы Рамазан Ақбота ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Ибраева Жанар Ғилманқызы.Барлық оқушыларымызды және ұстаздарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

 


Тәуелсіздік кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына "Қазақстан Үміті" 5 Республикалық  жас өнерпаздар байқауына қатысып,ән салу жанры бойынша мектебіміздің 3 сынып оқушысы Хинолла Айшабибі  "Бас жүлде" номинациясын жеңіп алса мектебіміздің "Нұр саз" вокалдық ансамблі І Дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. Оқушыларымыздың жетекшісі Кайбалдиева Гульмира Викторовна "ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-ПЕДАГОГ" дипломымен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Өнерлеріңіз өрлей берсін демекпіз!

 


2021 жылдың 29 қазаны күні "Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де "Әдептілік -адамгершілік белгісі!"тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді және осы тақырыпта эссе жазды.

Сынып сағатының мақсаты:Оқушыларға қоғамдық көлікте қарияларға орын беру,сыпайы жауап қайтару тақырыбында әңгімелесу,түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 


Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебінде 27 қазан 2021 жылы  8 сынып қыз оқушылары арасында Атырау ҚПБ мамандары ҚПБ номері 1 ҚПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ-ы полиция майоры А.Карлығашева және А.Тасболатованың қатысуымен “Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты жасалатын қылмыстардың алдын-алу” тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында тәртібі қиын, тентек, жайсыз отбасылар, компютерлік құмарлық ойындарға әуес жасөспірімдер жөнінде айтылды және қылмыстық кодексті саралай түсіндіріп өтті. Жиналысқа сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері , мектеп психологтары қатысты. Жиналыс барысында оқушыларға зорлық-зомбылыққа ұшырау себептері жөнінде айтылды.Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында, құқықты орнықтыру, құқық бұзушылықты болдырмау үшін тәртіпті,саналы болу керектігін айта өтті, оқушылар өз ойларындағы сауалдарын қойып жауаптарын алды.

 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлттық мектеп лигасы»  жарысында Баскетболдан "Алтын доп"  5-6 сынып оқушылар арасында  ІІ орын

Спорт жетекшілері: Орынбасаров Жантілеу Құндызбайұлы

Құсайнов Құндызбай Орынбасарұлы

 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында орай ұйымдастырылған "Ұлттық мектеп лигасы"қалалық іріктеу жарысында баскетболдан "Алтын доп" 7-8 сынып оқушылары арасындағы сайыста мектебіміздің ұлдар командасы жүлделі І ОРЫНДЫ  жеңіп алып,облысқа жолдама алды. Оқушыларымызды сайысқа дайындап,  жеңіс тұғырынан көрінуіне бірден-бір себепкер болып жүрген ұстаздарымыз Құсайынов Құндызбай Орынбасарұлы, Орынбасаров Жантілеу Құндызбайұлын және оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!Облыстық сайыста сіздерге сәттілік серік болсын!

 


2021 жылдың 12 қарашасы күні мектебімізде Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып  оқушылары арасында математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі,қазақстан тарихы пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі (мектепішілік) болып өтті.  Мектеп дәлізінде Республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты болды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Есқалиева Бақытжамал Бахтияровна оқушыларды олимпиада ережесімен таныстырып, оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орын алған оқушыларымыз Республикалық олимпиаданың екінші кезеңіне (қалалық) жолдама алды.

 


2021 жылдың 17-20 қараша аралығында Атырау облысы көлемінде өтіп жатқан “Студент” жедел профилактикалық іс-шара аясында Амангелді орта мектебіндегі 9,10,11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында Атырау ҚПБ *1 ҚПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Ж.Тасболат келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


2021 жылдың 26 қараша күні ҚР ҰҚК ШҚ Маңғыстау облысы бойынша департаменті Жағалау күзетінің үшінші дивизионымен Дамбы селосындағы "Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ оқушыларының арасынан құрылған "Жас шекарашылар "үйірмесінің мүшелеріне эмблема тағу рәсімі ұйымдастырылды.


2021 жылдың 29 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еуразия шекара бекетінде шекарашылардың өмірін дәріптеу бағытында шара ұйымдастырылды.Шараға мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тайров,Дамбы ауылдық округінің бас маманы және учаскелік полиция өкілдері қатысты.Шарада Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы К.Мәсімовтың шекарашылар туралы жазған еңбектері және жергілікті қаламыздың тұрғыны болған шекарашылардың өмірі туралы айтылды. Сарбаздардың қызмет бабы бойынша атқаратын жұмыстары жөнінде таныстырылды.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебіміздің Кәсіподақ комитетінің жылдық жоспарына сәйкес мектеп  қызметкерлерінің арасында воллейболдан сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша "Үшқоңыр"командасы-І Орын

"Нұрсұлтан"командасы ІІ Орын

"Бірлік" командасы ІІІ Орын

"Қырандар"командасы "Алғыс хат". Барлық жүлдегер команда лар Кәсіподақ комитетінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Ұйымдастырылған шараға белсене қатысып,салауатты өмір салтын қолдаған барлық ұжым мүшелеріне алғыс айтамыз.Әрдайым бірлік,ынтымақ,абыройымыз арта берсін!


2021 жылдың 25 қазаны күні Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  Төрағасы "Ұлттық арнаулы қызмет шежіресі"және " Мемлекеттік шекара" мерейтойлық кітаптарының шығарылымы туралы хабарлады.Кітап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  30 жылдығына орайластырылған.Кітаптарда Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен Шекара қызметінің  құрылуының  негізгі кезеңдері,сондай-ақ қызметкерлер мен әскери қызметшілердің күнделікті жұмысының күрделілігі мен жан-жақтылығын көрсететін,көбінесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін операциялар сипатталған.Сонымен қатар 29 қараша күні Дамбы ауылында орналасқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау  облысы бойынша Департаменті  Жағалау күзетінің 3 дивизионының жеке құрамы және "Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-нің  "Жас шекарашылар"үйірмесі, әскери патриоттық клубы мүшелерінің қатысуымен қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан шекарашы жауынгерлерді еске алу сәті өткізілді.


«Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп» КММ  Атырау қаласы білім бөлімінің  2021 жылдың 18 қарашадағы №03-04-01-12/2648 санды хатына сәйкес  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және  Тұңғыш Президент  күніне арналған ерекше білімді қажет ететін  балалар арасында мектепішілік спорттық жарыстар туралы мәлімет


1-Желтоқсан спидке қарсы күрес күніне орай мектебімізде  8-9 сыныптар арасында “Адамзатқа төнген қауіпті дерт” тақырыбында мектеп медбикесі Ж.Есенғалиева мен бірлесе отырып,түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Оқушыларға темекі,арақ,есірткі,СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін,оның зиянды жақтарын түсіндіру ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту,зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру,сана-сезімдерін дамыта түсу.


1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, сыныптарда сынып сағаттары  өткізілді.

Мақсаты:Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру.Оқушылардың өз Отанын ,туған жерін сүюге,қорғауға,сақтауға ,құрметтеуге тәрбиелеу.


2021 жылдың 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас-жемқорлықпен күрес күніне орай 7-8 сыныптар арасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу - біздің міндетіміз” атты шара болып өтті.

Мақсаты:Оқушыларға “Сыбайлас  жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру,өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.


2021 жылдың 4-8желтоқсан аралығында қатерлі заттардың қатарын азайту мақсатында "Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!"атты апталық өтті.Диретордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп психологы,әлеуметтік педагог оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді.Оқушыларға жадынамалар таратылды.

Мақсаты:Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып,оның адам ағзасына зияны туралы түсінік беру."Бірінші байлық-денсаулық!"деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып,салауатты өмір салтын насихаттау.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 14 желтоқсанында бірыңғай сынып сағаттары өтті.Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету,оқушыларға желтоқсан құрбандарымен,желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін,сезімдерін ояту.


2021 жылдың 25 қазан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы "Ұлттық арнаулы қызмет шежіресі" және "Мемлекеттік шекара" мерейтойлық кітаптарының шығарылымы туралы хабарлады, кітап Тәуелсіздік күніне, сондай ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің құрылуының 30 жылдығына орайластырылған. Кітаптарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің  құрылуының негізгі кезендері, сондай ақ қызметкерлер мен әскери қызметшілердің  күнделікті жұмысының күрделігі мен жан-жақтылығын көрсететін, көбінесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін операциялар сипатталған.Сонымен қатар 2021 жылдың 14 желтоқсанында  Дамба ауылдық округіне  қарасты Мәдениет үйінде 3 дивизион жеке құрамы, Атырау облысы бойынша Ауған соғысы , Тәжік - ауған соғысы ардагерлер кеңестері өкілдері, және "Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп "КММ -нің  "Жас шекарашылар "үйірмесі  оқушыларының қатысуымен "Мемлекеттік шекара" мерейтойлық кітаптардың презинтациясы өткізілді.


”Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл және Жас Ұлан ББЖҰ-на 10 жыл толуы қарсаңында “Ұланымыз Ұлы елдің” Республикалық Бірыңғай “Жас Ұлан” балалар  мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылданушылар отансүйгіш болуға,ел мен жерді,ата-ананы құрметтеуге ант берді!

Жас Ұлан Ұйымы

Атырау облысы Жас ұлан ұйымы

#Тәуелсіздік30жыл

#ЖасҰлан10жыл

#jasulan10jyl

 


“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ

«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт » жобасы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясын оқып насихаттау мақсатында  «Үздік оқырман отбасы» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты:

Отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыруда, кітап оқу арқылы балалардың еркін ойлауына, көркем әдеби тілде

сөйлеуіне, өй - өрісін дамытуға ықпал ете отырып, ұлттық сана сезімі жоғары, парасатты ,терең білімді,  болашаққа өз үлесін қоса білетін іздемпаз, рухани дамыған  тұлғаны, тәрбиелеуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеу арқылы , ата – ана мен  баланың кітап оқуына жағдай  жасай отырып, эстетикалық талғамы бар, интеллектуальды шығармашыл оқырман отбасыларын дайындау.

Байқаудың міндеттері:

Кітап оқу мәртебесін көтеру және кеңінен насихаттау, оқырмандардың белсенділігін арттыру.

Эстетикалық талғамы бар, кітапты көп оқитын, белсенді үздік оқырман отбасыларын  анықтау және марапаттау.

1.Байқау ережелері:

«Үздік оқырман отбасы» байқауына мектебіміздің 6-11 сынып  оқушылары мен ата- аналары қатыса алады.

Байқау тест форматында болады. Тест 60 сұрақтан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Ата- ана мен оқушының ұпай санынан ортақ нәтиже шығарылады. Тест жауаптарын белгілеуге 45 минут уақыт беріледі.

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясын 21-қаңтардан  21- ақпан аралығында оқып үлгеру керек.

2.Байқау қортындысы:

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  жинаған  ұпай сандары бойынша әділ қазы алқалары анықтайды.

III. Байқаудың өтетін уақыты:  23ақпан 2022жыл

М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын kitap.kz сайтынан электронды нұсқасын оқуға болады.


«Атырау қалалық білім бөлімі» ММ-қарасты «Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп»КММ-де «Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» РММ мен Атырау қаласы әкімі,азаматтық қорғаныс штабының «Атырау қаласының 2021 жылғы өткізілетін Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығу мен жаттықтыру» біріккен жоспарының 4-ші «Сейсмикалық жаттықтыру»бағыты бойынша ,2021жылдың 11 қазаны күні  мектеп директорының «Мектеп базасындаоқу –жаттығу мен жаттықтыруларын өткізу туралы» №177 бұйрығы шығарылды.Осы бұйрық бойынша «Оқу –жаттығу мен жаттықтыру» іс-шаралар және оқу-жаттығу кезіндегі мектеп ғимаратының 1-ші және 2-ші қабаттарынан адамдарды эвакуациялау жоспарлары жасақталып,бекітілді. 2021 жылдың 15 қазаны күні бірінші кезең бойынша оқу-жаттығу мен жаттықтыру шарасы жүргізілді.  Сағат 10.00-де дабылқаққыш беріліп «Тыңдаңыздар» белгісі берілгеннен  кейін барлық білім алушылар мен  қызметкерлер бес есік арқылы сыртқа шығарылды.

Қорғаныш штабы жанынан құрылған саперлар тобы құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етіліп, дайын болды.

Адамдармен бірге мектептің  басты құжаттары тұратын сейфте сыртқа шығарылды.

Жоғары сыныптың  оқушыларынан құрылған  құтқарушылар тобы шағын топ,мектепалды даярлық тобы және бірінші сынып оқушыларын терезе арқылы сыртқа шығаруды ойдағыдай орындап шықты.

Жалпы оқу-жаттығу мен  жаттықтырушылар шарасы ойдағыдай өтті. Мектеп бойынша азаматтық қорғау штабының төрағасы  М.Тайров барлық  білім алушылар мен қызметкерлерге біріккен жоспарды және шараны өткізу туралы бұйрықпен таныстырып,шараның мәнін түсіндірді.

Оқу –жаттығу мен жаттықтырулар шарасының өз дәрежесінде өткендегі туралы мектеп директоры М.Тулегенова баяндады.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де  Халықаралық қыздар күніне орай мектебіміздің 8-9 шы сыныптың қыз балаларымен "Қыз болашағы-ел болашағы!"тақырыбында кездесу кеші болды. Кездесу кешіне мектебіміздің ұстазы "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісінің иегері, мектебіміздің Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы Әбу Жанат Сәрсенқызы шақырылды.

Шараның мақсаты:Қоғамда қыз баланың ерекше орнын атап өту, қыздар арасында кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай -ақ олардың құқықтарын қорғау мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту. Кездесу кешін Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Урынбасарова "Қыз тәрбиесі -ұлт болашағы" тақырыбында бейнебаянмен ашып, оқушылармен ой бөлісті. Жанат Сәрсенқызы қызбаларға әдеп,адамгершілік,инабаттылық қасиеттер туралы айтып ,сұрақтарына жауап берді. Шара соңында  мектеп психологы М.Кайраханова сауалнама жүргізді. "Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз! "деп  бекер айтылмаса керек. Ғұмырлы сөз ,ғұмыр бойы есте сақталуы тиіс.


Қазан айының алғашқы аптасында атап өтілетін  кәсіби төл мерекелеріңізбен  ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтаймыз!Дендеріңізге саулық,отбастарыңызға амандық,өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңызға сәттілік және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңзге толымды табыстар тілейміз ! Мерекелеріңіз құтты болсын!


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ-де ұстаздар мерекесіне орай 5 "Г"сыныбының "Адамзаттың ұлы ұстаздары!"тақырыбында сынып сағаты болды.Сынып жетекшісі Қайбалдиева Гүлмира Викторқызы.  Мақсаты:Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке баулу, ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп "КММ-де "Жақсылық жасауға асығайық!"тақырыбында санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып сынып сағаты болды. Сынып сағатын Өзін -өзі тану пәнінің ұстазы Гульмира Кизатуллаевна өзінің жетекшілік ететін 8"Б"сыныбымен өткізді. Шараға мектебіміздің арнайы сынып оқушылары сынып жетекшісі Света Көшенқызы шақырылды. Сынып сағатының мақсаты:Халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жалғастырып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік құндылығын дарыту. Сынып сағаты барысында оқушыларға дәйексөздер оқылып,оқушылар өз ойларымен бөлісті. Одан әрі экраннан бейнебаян көрсетілді. Арнайы сынып оқушылары бүгінгі тақырыпқа сай салып келген суреттерін таныстырды. Осы оқушыларға ризашылық ретінде мектебіміздің вокал үйірмесінің оқушылары ән салып берді. Естелік сыйлақтар табыс етілді. Жақсылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Олай болса " Жақсылық жасауға асығайық!

{gallery}/-/-101{/gallery}


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ психологтары М.Кайраханова мен А.Капанова 1сынып оқушыларының мектепке даярлығын анықтау  мақсатында 1 а,б,в сынып оқушылары  арасында Керн-Ирасек әдістемесін жүргізді.

Мақсаты:  Оқушылардың мектепке даярлығын анықтау,зерделеу.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта  мектеп"КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ұлан" балалар -жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен "Ұлттық мектеп лигасы" қалалық іріктеу жарысында мектебіміздің оқушылары  футболдан "Былғары  доп" 7-8 сынып қыздар командасы арасында ІІ орынды жеңіп алды. Оқушыларымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!


Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп КММ де Атырау қалалық полиция басқармасы 1-қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы ,полиция капитаны Ж.Тасболат  және мектеп психологы Қайраханова Мейрамгүлдің  ұйымдастыруымен облыс көлемінде өтіп жатырған “Жанұя және бала” жедел профилактикалық іс-шарасына мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына анонимді сауалнама жүргізілді.


“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ де Тілдер мерекесіне орай “Ана тілі - мәңгі өлмейтін бәйтерек!” тақырыбында санитарлық - эпидемиологиялық  талаптарды сақтай отырып,тәрбиелік іс-шара өткізілді,шараға қатысқан оқушылар мектеп директорының “Алғыс хатымен”марапатталды.Шараның мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, ана-тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру,ана-тілін құрметтеуге тәрбиелеу.


"Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп"КММ -де 2021 жылдың 13-19 қыркүйек Республикалық "Жасөспірім" жедел -профилактикалық іс-шарасына сәйкес Зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында оқушыларға мектеп инспекторы Ж.Тасболат және мектеп медбикесі Ж.Есенғалиева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық  қолсұғушылықтың алдын алу,оқушылардың арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу,құқықтық сауаттылықтарын арттыру.


Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мектебімізде “Абайлаңыз-балалар!”-атты жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді.Мектеп инспекторы Ж.Тасболат және мектебіміздің тәлімгері Г.Батырханова оқушыларға жол қауіпсіздік ережелері мен жол белгілері туралы түсінік берді.


“Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп”КММ-де 1 - Қыркүйек Білім күніне арналған 1 сынып оқушылары үшін “Кел,балалар оқылық”-атты салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып,ашық алаңда өтті.

Салтанатты жиынымызда мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге Әліппе оқулығын салтанатты түрде табысталуымен ерекшеленді!

Ал 2-11 сыныптары үшін Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына арналған “Тәуелсіздік жетістіктері”- тақырыбында сынып сағаттары санитарлық талаптарды сақтай  отырып, сыныптарда белгіленген уақыт аралықтарында жалғасын тапты!Жаңа оқу жылымыз құтты болсын!Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!


Хабарлама

«Ерте жастан жүктіліктің алдын-алу»

20.04.2021жылы Атырау қалалық білім бөліміне қарасты Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебінде “Ерте бастан жүктіліктің алдын-алу” тақырыбында оффлайн 9-11 сыныптың қыз оқушыларымен 15 оқушыдан асырмай, әр сыныпқа бөлек ,санитарлық талаптарды сақтай отырып, кездесу шарасы өткізілді. Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру. Мақсаты:Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы оқушыларға айтып, түсіндіру.  Шара басында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Урынбасарова  оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді.

 

Мектеп медбикесі Ж.Есенгалиева “Ерте жүктіліктің салдары және сақтану жолдары”  тақырыбында оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді.Шара барысында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сарсенгалиева “Қыз бала ұлттың ұяты,халықтың шырайы тақырыбында”тренинг өткізді.Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.

 

 Мектеп медбикесіне оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды, оның әрқайсысына толық жауап берді. Шараға мектеп психологтары, сынып жетекшілері қатысты.Алдағы апталарды жергілікті гинеколог маманмен кездесу өткізу жоспарлануда.Шара соңында қыз балаларға әрқашан және ешқашан жадынамасы таратылды.

 


«Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектеп» КММ-де Қалалық білім бөлімінің № 03-04-01-12/ 587  санды хатына сәйкес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Исатай батыр» қоғамдық қорының бастамасымен Исатай Тайманұлының 230 жылдық мерейтойына орай  мектебімізде «Исатай Тайманұлы –азаттық жолындағы күрескер!» атты тақырыпта мектеп әкімшілігі және тарих пән бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдени шара болып өтті. Мектеп дәлізінде оффлайн сыныпта оқитын 9,11 сыныптардың қатысуымен санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мәдени шараның ашылу салтанаты болып өтті. Шараны мектеп директоры М.Тулегенова ашты.Тарих пәнінің мұғалімі А.Сапиева оқушыларға қазақтың біртуар ұлы, 1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшы, халық батыры Исатай Тайманұлының өмірі,ерлік жолы туралы мағұлмат берді. Оқушылар Исатай батырға арналған өлеңдерін оқып, ән айтты. Кітапхана бірлестігінің «Арыстан туған Исатай....» тақырыбында ұйымдастырған кітап көрмесімен оқушылар таныстырылды. Мәдени шарамыз одан әрі «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы!» тақырыбында 9-шы сыныптар арасында  Тарих пәнінің мұғлімдері А.Сарсенгалиева мен З.Измайлованың ұйымдастыруымен Презентациялар байқауы  жалғасын тапты. Оқушылар батырдың өмірі, ерлігі туралы слайд арқылы дайындаған шығармашылық жұмыстарын қорғады. Тарих пәнінің мұғалімі И.Мамбетов «Исатай Тайманұлы – өлшеусіз ерліктің символы!» тақырыбында  11 сынып оқушылары арасында эссе байқауын өткізді. Өткен шаралардың барлығына оқушылар белсене қатысты. Шара қорытындыланып,шараға белсене  қатысқан оқушылар мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Тәуелсіз қазақ елінің мәңгілік болашағы тұрғысынан қолға ұстар ұранымыз - Исатай Тайманұлының жанкешті батырлық  рухы. Қазақ ұлтының ұлт сызануына жол бермеген ерен ерліктері  ұлт есінен мәңгі өшпейді.


Қалалық слет «Жол қозғалысының жас инспекторлары»