05 Қаз 2020
Материал Амангелди

Ұстаздар

«Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебі» КММ
Мектеп тарихы

«Әр халықтың өркендеп дамуы үшін алдымен азаттық пен білім керек»,-деген екен Ш.Уәлиханов. Біздің Амангелді атындағы орта мектебі алғаш рет 1947-1948 оқу жылының  алғашқы қоңырауын соғып, жеті жылдық мектеп болып ашылды. 1964 жылы №7 мектеп болса, ал 1969 жылы орта мектеп болып өзгертілді. 1974 жылы мектепке Амангелді Имановтың есімі берілді. Осы жылдарда және қазіргі уақытта мектепте басшылық жасаған,жасап жатырған мектеп басшылары:

  1. Теміров Өтеғали – 1947-1952 ж.ж.
  2. Шапауов Ғинаят – 1960-1970 ж.ж.
  3. Ибраев Ғилман -1973-1978 ж.ж.
  4. Қылауов Қизатолла -1978-1980 ж.ж.
  5. Райсова Зәмза -1980-1987 ж.ж.
  6. Марданов Темірбек – 1987-2014 ж.ж.
  7. Кабдирова Нурлан Хамидоллаевна -2014-2016 ж.ж.
  8. Тулегенова Марина Сабетовна – 2016 ж.

Мектеп өмірінде және шәкірт жүрегінде із қалдырған ардагер ұстаздар:

  1. Утегалиев Қайырғали Аманжолұлы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  2. Бақтығалиева Зияш – тарих пәнінің мұғалімі.
  3. Бултаков Идеят – химия пәнінің мұғалімі.
  4. Абуов Сәрсен  – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  5. Қазбаева Ажар – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  6. Саутова Маржан – тарих пәнінің мұғалімі.
  7. Меңдіғалиев Ғилым – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  8. Исмуратов Отар – география пәнінің мұғалімі.
  9. Кулболдина Алима – орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
  10. Крупинина Нина Александровна – орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
  11. Есекенова Дәмелі – орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
  12. Шуйнбекова Қаймақ – математика пәні мұғалімі.
  13. Туркистанова Аққымбат – бастауыш сынып мұғалімі.
  14. Махасова Динаш – бастауыш сынып мұғалімі,бастауыш кәсіподақ ұйымының басшысы.
  15. Орынбасаров Бақтығали –дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
  16. Дюсеғалиева Бақтылы – бастауыш сынып мұғалімі.
  17. Утеева Тұраш – биология пәнінің мұғалімі.
  18. Машкалиева Роза – бастауыш сынып мұғалімі.
  19. Машкалиева Калима – бастауыш сынып мұғалімі.
  20. Расбаева Сағдия – орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
  21. Қадырбаева Қойсын –  бастауыш сынып мұғалімі.
  22. Хисамеденова Сәуле – бастауыш сынып мұғалімі (әдеп пәні )
  23. Қайсабаева Нәруаш – музыка пәні мұғалімі.
  24. Дәрі Мәдениет –  бейнелеу пәні мұғалімі.
  25. Жаукенова Зухра – еңбек пәні мұғалімі.
  26. Идрисов Қизатолла – еңбек пәні мұғалімі.
  27. Қауысқалиев  Ерғали – математика пәні мұғалімі.
  28.  Хайрушев Қатим- орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Білім беру ісінің ардагерлері:

  1. Бақтығалиева Зияш – Қазақ КСР-і «Оқу ісінің үздігі» төсбелгі.
  2. Абуов Сәрсен – «Еңбек ардагері», «Тыл ардагері» 40, 45, 50, 65 ж.
  3. Қазбаева Ажар – «Еңбек ардагері»
  4. Марданов Темірбек- ҚР Білім беру ісінің «Құрметті қызметкерлері» төсбелгісі.
  5. Қайрошева Сәуле Гылманқызы – «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төсбелгі.
  6. Дюсеғалиева Бақтылы Айғалиқызы – «ҚР ағарту ісінің үздігі»
  7. Орынбасаров Бақтығали Әмірұлы – ҚР Білім беру ісінің «Құрметті қызметкерлері» төсбелгісі.
  8. Әбу Жаннат Сәрсенқызы – ҚР Білім беру ісінің «Құрметті қызметкерлері»

Мектептің әр жылдардағы «Алтын», «Күміс» медальға, «Үздік аттестатқа» бітірген түлектері:

  1. Қаратаева Қасиет – 1978 жылы мектепті бірінші болып алтын медальмен бітірді.
  2. Жұмабаева Райса – 1985 жылы мектебімізді күміс медальмен бітірген бірінші түлек.
  3. Ахмедьяров Нұрлыбек – 1989 жылы күміс медальмен бітірді.
  4. Сейтешова Жанар – 1991-1992 оқу жылында мектепті алтын медальмен бітірді.
  5. Абілхайрова Айзада – 1991-1992 оқу жылында мектепті алтын медальмен бітірді.
  6. Апендина Гүлсім – мектепті күміс медальмен бітірді.
  7. Марданова Құралай – мектепті күміс медальмен бітірді.
  8. Мұқышева Айгүл – 1993 жылы мектепті алтын медальмен бітірді.
  9. Зиноллаева Гүлжайна -2012-2013 жылы мектепті үздік аттестатпен бітірді.

Ал, Атырау қалалық  әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі №1313-ші қаулысына сәйкес мектеп, «Қалалық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Мектептің шұғылданатын проблемасы: «Оқу – тәрбие үрдісінде сындарлы оқыту теориясын енгізу арқылы жеке тұлғының білім сапасын арттыру және жан – жақты дамыту»
Бүгінде мектептегі оқушы саны – 618
МАД тобында -83, шағын топта -44 бала. Үйден оқитын оқушылар саны – 2.Арнайы сыныпта (КДО) – 17 оқушы
Сабақтан тыс білім алушылар саны:
Саз мектебі-120
Би үйірмесі- 26
Спорттық секциялар: 70
Өнер (драма, вокал) -35
Ментальді арифметика -20
Мектебімізде 72 ұстаз еңбек етіп,сапалы білім мен  саналы тәрбие беруде.
Жоғары білімді мамандар – 63
Арнаулы орта – 9
Оның ішінде:
Жоғарғы санатты – 17
І санатты – 21
ІІ санатты – 16
Техникалық персонал – 29
Медбике – 1
Психолог -2
Логопед-дефектолог -1
Сынып комплектілерінің саны – 36
Спортзал -1
Химия зертханасы -1
Кітапхана -1
Асхана –бар. Оқушылар ысттық тамақпен қамтылған .

Мектебімізде ұстаздарымыз үнемі өз білімдерін жетілдіріп отырады. Қазіргі заман талабына сай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыруымен мұғалімдеріміз курстардан өткен болатын.
Басшылық – 1 
Тулегенова Марина Сабетовна – мектеп директоры (Орал қаласы)
І деңгей – 2
1.Урынбасарова Лариса Талаповна – директордың оқу -тәрбие жұмысының орынбасары, биология пәні мұғалімі. (Атырау қаласы)
2.Урбисинова Маржан Кубегеновна – бастауыш сынып мұғалімі (Атырау қаласы)
ІІ деңгей -2
1.Ескалиева Бахытжамал Бактияровна – директордың оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі пәні мұғалімі. (Алматы қаласы)
2.Курмангалиева Динара Нурлыгаиновна- педагог-ұйымдастырушы,мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі Алматы қаласы)
ІІІ деңгей – 3
1.Мадагаева Ботагоз Бисембиевна- информатика пәні мұғалімі(Атырау қаласы)
2.Сапиева Акжан Абугалиевна – физика пәні мұғалімі(Атырау қаласы)
3.Клауова Гульмира Кизатоллаевна- қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. (Атырау қаласы)
Қазіргі таңда білім беру саласындағы басты мәселе – білімді ұрпақты оқытып, тәрбиелеп шығару. Осы орайда мектеп әкімшілігінің басқаруы мен ұйымдастыруы арқылы әдістемелік кеңесте, барлық пән бірлестіктерінде оқушылармен,мұғалімдермен, сондай-ақ ата-аналар жұртшылығы, қоғамдық өкілдерінің белсене араласуы арқылы білім беру бағдарламасына сай көптеген игі істер атқарылып жатыр.Оқушыларымыз республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді.
Биылғы 2016-2017 оқу жылында республикалық пәндік олимпиаданың 2 кезеңі қалалық пәндік олимпиадасына қатысып 12 оқушымыз жүлдегер атанды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен  «Ақ бота» зияткерлік марафонына қатысқан оқушыларымызда жетістікке жетті.
Биылғы оқу жылында жоспарға сай мұғалімдер үнемі білім жетілдіру курстарына, семинарларға жіберіліп отырды. Мұғалімдеріміз Республикалық ғылыми жинақтарға баяндамаларын, сабақтарын жариялап отырады.
Тағы да айта кетерлік жоспар бойынша 24.11.2016 жылы «Жалпы білім беретін Амангелді атындағы орта мектебі» КММ  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел» патриоттық жобасы аясында «Оқу – тәрбие үрдісіне сындарлы оқыту теориясын енгізу арқылы жеке тұлғаның білім сапасын арттыру және жан-жақты дамыту» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. «Жаңаша оқыту-заман талабы»тақырыбы бойынша Кембридж бағдарламасын меңгерген мұғалімдер сабақтарын көрсетті. Осымен қатар тәрбие жұмысы орталығында да көптеген шаралар өтіп жатыр.
«Балдаурен» демалу лагеріне мектебімізден 2 оқушы жолдама алып демалып келді.
Алға қойған мақсаттарымызды іске асырып, өскелең ұрпақты жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеу, оның